Description of Кибербуллингтің ал
Подкастымыздың кезекті шығарылымы цифрлы сауаттылық, кибербуллингтің алдын алу тақырыбына арналды.
Біздің қонағымыз:
Динара Кәдірханқызы – Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, психология бойынша PHD.
Бұл шығарылымда:
Әлеуметтік желідегі ақпаратты сүзгіден өткізе білу керек;
Баланың психологиялық жай-күйі 5-6 жасқа дейін қалыптасады;
Бала мен ата-ананың арасында сенім мен мейірім болмаса, ол мұны сырттан іздейді;
Кибербуллингтің троллинг, хейтинг, флейминг, секстинг, т.б. түрлері бар;
Бала оқшаулана берсе, сабақ үстінде сұрана беретін болса, назар аударыңыз;
Кибербуллингке ұшыраған баланы мұғалім де анықтай білуі керек;
Сауатты болсақ, өзімізді, жақындарымызды қорғай аламыз.
Жүргізуші әрі автор: Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы – https://facebook.com/dina.imambai
Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym
Подкастымызды қолдап, пікір жазыңыздар. Әлеуметтік желілерде бөліссеңіздер, нұр үстіне нұр.
Tanym Media, аудио (51 Мб).